A.Kalila

A.Kalila'ның сүреті
Ақбөпе Қалила

Өз басым құмдауыт шағыл құм төбелердің арасында орын тепкен Арал өңіріндегі Аралқұм ауылында өніп өстім. Отбасымда тең қозыдай тетелес, жас айырмамыз 1-2 жыл үш ұл, үш қыз өстік. Біздің балалықтың жартысы төбесі тесік екі бөлмелі үйде өтті. Сол баяғы әр қазақтың басына өткен баспана мен жұмыс мәселесі менің әке-шешемнің де басынан айналып өтпеді. Бала шаға бірігіп шешеміздің көк поезға шығарып салып, ол жоқта ертеңгі күнгі сататын балығын баптайтынбыз. Жуу, тептіру, тазалау, ыстау, майлау деген сияқты машақаты көп жұмыстар. Сөйтіп жүріп бой жеттік.

Сабақты керемет оқымасам да, ауылға келетін "өсекші" газеттерді жақсы оқитынмын. Мені журналистикаға құштар еткен де солар. Журналситика менің өмірлік қиял қанатымдағы ғажап арманым болды. Ауылда қаршадайдан газет беттерінде әлеуметтік меселе мен ел тұрмысын жазып, ауыл әкімі мен мектеп директорына сегізінші сыныптан бастап "жексұрын" көрінгенмін. Есесіне қиялымды шындыққа айналдыру мақсатында белді бекем будым. Аралқұмда жүріп, Астанадан бір -ақ шығам деген ой үш ұйықтасам түсіме де кірмеген еді. ҰБТ-дан нәтижелі бал алғанымды естіген белгілі журналист, ақын Азамат Есалының жары Гүлжан Рахман деген ауылдас әпкем хабарласып, журфакқа түсетін ойың болса тез кел, шығармашылық емтихан болады, қатыс, деп қолпаштап қойды. Сөйтіп Астанадан бір шықтым. Емтиханнан ең жоғары бал алып, конкурсқа өтініш те жаздым. Гранттың жауабы шыққанша Қарағандыдағы әпкемнің қолында болдым. Таңнан кешке дейін үйде табыссыз жатқанымды жездем мен жиенімнің аса жақтыртпай жүргенін сезіп жұмыс іздеуге кірістім. Әпкем жұмыс тауып берді. Өзбек кісінің компотын саттым. Күніне 800 теңге еңбекақы алам. Әлгі Өзбек ағам әйелі екеуі жездеңнің үйіңде жағдайың болмаса біздің үйде тұр, менің де қыздарым бар деп жанашырлық танытты. Шынын айтайын жездемнің тыжырайған қабағынан гөрі өзге болса да Өзбек ағам мен әйелі ыстық көрінді. Сөйтіп солармен тұрдым. Бас аяғы он күннің ішінде олар маған өз аға- жеңгемдей қамқор болды. Балалары да туған бауырымдай мейірімді еді. Жеңгей тіпті ас-суымды қайнатып, жұмыстан келгенде моншасына дейін жағып қоятын. Он күннен соң Астанама оқуыма бара жатып айлығымнан бөлек грант байғазың деп сыйлықтарын да берді. Содан бері сондай кең жүректі адамдардың өздерін де ұлтын да қатты жақсы көрем, сыйлаймын. Сөйтіп көзді ашып-жұмғанша төрт жыл зымырап өтті де кетті. " Журналист" деген погонды тағып алып, жұмыссыз жүргенімізде ұлттың ұйытқысына айналған Ұлттық арнаға қызметке орналастым. Бұл қарашаңырақ маған өз шаңырағымды құруға себепші болды. Мен үшін ең құтты мекенге айналды. Бүгінде аяулы жар, асыл ана һәм контент-редактормын!

Тарих

Блог
Блогтағы соңғы жазбалары
Қатысу уақыты
3 years 3 weeks