D.Abibullaev'ның сүреті
Дулат Абибуллаев

Қадірлі оқырман, құрметті көрермен, зияткер интернет қолданушылар мен достар, әріптестер!  Барлығымыз да адамзат дамуындағы төртінші революция –сандық дәуірде  өмір сүрудеміз. Қазір ақпарат пен бейнені, дыбыс пен деректерді, сандық мәліметтерді өңдеп, оны бұқараға жеткізудің бұрын болмаған тәсілдеріне куә болып жүрміз. Осындай виртуалды ақпарат алаңдарының бірі интернет, әлеуметтік желілер мен тақырыптық блогтар. Сіздерді 60 жылға жуық тарихы бар «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ресми сайтында ашылған пікір алмасу бұрышына журналистика, оның ішінде жаңалықтар қызметінің ерекшеліктері мен әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени саладағы соңғы жаңалықтар төңірегінде әңгіме-дүкен құруға шақырамын. Бұл менің блогтұғырнамадағы алғашқы жазбам. Алдағы уақытта түрлі тақырыптағы жазбалар жариялауға тырысамын.

ФБ: Дулат Абибуллаев

Твитер: @D_Abibullayev