K.Aidash'ның сүреті
Қайрат Айдаш

Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде «машина жасау» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдадым.

Екінші мамандығым - заңгер. Журналистика саласына келуім кездейсоқтық.

Кейде біз өзімізше мамандық таңдап, болашақ бағыт-бағдарымызды айқындағымыз келеді. Алайда, мамандықтың  та адам талғайтынын ескере бермейміз.

Бала кезімде тележүргізушілікке аздап қызығушылығым болды. Сондықтан, 2008 жылы 10-сынып оқып жүргенімде Жезқазған қаласы аймақтық  «Дидар»  телеарнасы ұйымдастырған  «Үздік тележүргізуші» атты байқауда бас жүлдеге ие болып, арнаның жаңалықтар жүргізуші қызметіне орналастым.  Міне, бұл менің телеарна баспалдағына жасаған алғашқы қадамым болды.

Аз-кем тәжірибемде түйгенім, білген сайын білмегімнің көп екені. Сондай-ақ, кәсібилік пен жауапкершілік. «Көк жәшікті» көріп отырған әр көрерменнің алдында дұрыс ақпарат беру, мағыналы өнім көрсету және оны кәсіби тұрғыда жеткізу - ең маңыздысы.

Ақпарат айдын болса, телеарна қайық, халық пен журналистер қауымы екі ескек іспетті....