K.Zheksenbekkyzy'ның сүреті
Қырмызы Жексенбекқызы

Мен - ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегімін.  Осы мамандықты таңдауыма Әбдірәлі Бөлебай, Қымбат Хангелдина, Рабиға Аманжолова апайларымыз бен ағайларымыз себепкер болған. Бала күнгі ауылдағы арманым Алматыда орындалды. ҚазҰУ-дың қалашығында қызықты студенттік жылдардың 5 жылын өткізіп, КТК телеарнасының штаттан тыс тілшісі болып жұмыс істедім. Тұрмысқа Таразға шығып, облыстық Қазақстан-Тараз телеарнасына 2006 жылы жұмысқа тұрдым. Бұл арнада таңертеңгілік бағдарлама авторы әрі жүргізушісі, жаңалықтар бөлімінде редактор, сосын аға редактор, хабарлар бөлімінде редактор, 2016 жылдан бастап, Қазақстан-Тараз радиосының аға редакторы қызметін атқарып келем. Үш ұлдың анасымын. Сүйікті ісім –көңіл күйіме байланысты, ән тыңдау, кітаптар оқу,  шахмат ойнау, ерекше тағамдар әзірлеу.    

Ғаламтор өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғандықтан, сан түрлі жаңалық пен қызықты суреттермен бөлісе отырайық, менің парақшама қош келдіңіздер!!!