M.Alibek

M.Alibek'ның сүреті
Мейіржан Әлібекұлы

Бала кезден Нұртілеу Иманғалиұлын, Арман Сқабылұлын, Серік Жанболат, Ласкер Сейітовтей ағаларымызды үлгі тұтып өстім. Мен үшін олар қазақ телевидениесінің корифейі. Бұл кісілерге қарап, талай буын бой түзеді. Мен әлі күнге осы кісілердей болуға тырысамын, еліктеймін. Кейде жас журналистердің бір-екі мәрте эфирден жылт етіп, кеудемсоқтыққа жол беріп жататынына қынжыламын. Тіпті микрафон ұстауға арланатындары бар. Эфирде ғана отырып, түсірілімге шыққысы келмей пәлсінетіндер де қара көрсетеді. Тележурналистикаға келген маман жан-тәнімен берілу керек. Хабар агенттігінің ардагер журналисі Тілеуғабыл Мыңжасарұлы ағамыз әлі күнге қолынан микрафонын тастамай, жер жәннаты атанған Жетісу жерінің тыныс-тіршілігін халыққа жеткізіп келеді. Мамандыққа деген махаббат осы болса керек. Мен алдымдағы осындай жаны ізгі ағалардан үлгі алып, оларды қашанда мақтан етемін.

Тележүргізушілік – уақытша ғана тіршілік. Белгілі бір жасқа келгенде сіз эфирге шығу мүмкіндігіңізден айрылуыңыз ғажап емес. Демек, телеарнаның отымен кіріп, күлімен шығатын мамандар ғана өзінің айшықты орнын таба алады. Егер тек тележүргізушілікпен айналыссаңыз, жасыңыз келгенде түкке жарамай қалуыңыз бек мүмкін. Сондықтан егде тартқанда шеф редактор болып отыратындай қабілеттің иесі болған жөн. Қызмет барысында сюжет жасауға да, бағдарламаның шығуына да атсалысып және жаңалықтар тізгінін ұстауға даярлансаңыз, сіз мықты маман боласыз. Ал ол үшін еңбектену қажет. Кейінгі жастарға айтарым, алдымен журналистиканың әліппесі басылымнан басталады. Әліппені оқымай, ана тілге кірісе алмайтыныңыз секілді, газетке бармай телеарнаға аттанғанда сәл қиындық туады. Ал басылымда тіршілігін тілшіліктен бастаған жанның телеарнада «қасқыр» болатыны анық.

Тарих

Блог
Блогтағы соңғы жазбалары
Қатысу уақыты
2 years 5 months