M.Balmolda

M.Balmolda'ның сүреті
Мұнайдар Балмолда

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» деп ақын Қасым Аманжолов жырлағандай, біз де өзіміз жайлы сыр шертетін болсақ, онда ең әуелі мынаны айтар едім. Бұл Мұнайдар Балмолда деген азамат журналистік салаға махаббат машақатымен келген жан. Иә, иә, күлмеңіз! «Махаббатсыз дүние бос» демейді ме ұлы Абай?! Сол айтқандайын, Мұнайдардың махаббаты туған жерге, анасына, өмірге, айналаға, адамға деген ең алғашқы сезімнен басталып, ақыры осы ізгі жолға әкеліп салды.

Бүгінде тележурналистикамен байланысқан жиырма үш жыл өмір жолы көш керуендей созылып келешекке иек артып барады. Осынау жылдары бұл жігіттің қолынан шыққан: «Сырым батыр», «Махамбет», «Шығыс шолпаны», «Буыршын мұздан тайған күн», «Қос қыран», «Махамбеттер тірі екен» секілді бірнеше деректі және «Қағаз ұшақ», «Жаяу әскер», «Ақ қоян» атты толық және қысқаметражды көркем фильмдер мен бейнебаяндар, оның ішінде Табылды Досымов, Роза Әлқожа, Ақмарал Леубаеваның әндеріне түсірген бейнебаяны жұртшылықтың жүрегіне жол тапты.

Ел мен жер жайлы, тарихи тұлғалар қақында алуан телебағдарламалар бүтінделді, жарыққа шығып, көрерменге жетті. Оның бос уақыты жоқ. Телеарнадағы негізгі жұмысы бойынша іссапарға шығып, бағдарламалар түсіріп, шауып жүрсе, соның арасында уақыт тауып өлең мен әңгіме жазып жатқаны.  

Абыз Қадыр Мырза Әли айтқандай, «Жұрттың мақтағаны өзімнің бір мақтағаныма жетпейді» деп, ақыры бұл азамат жайлы жазған екенбіз, мынаны да айта кетейік, оның әнге сөз жазуы - шығармашылық еңбегінің бір қанаты. Бұл орайда «Жігіттер» квартеті, «Шамшырақ» дуеті, Тамара Асар және өзге де әншілердің орындауындағы ән дүниесі - өзінше бір әлем. Сонымен қатар, балаларға арнап жазған отыздың үстінде әндері бар. Мұнайдар жазған өлеңдермен балабақша мен мектеп балдырғандары облыстық, республикалық және халықаралық ән байқауларында жүлделі орындардан көрініп жүр.

Демалысы спортпен, шығармашылық жұмыспен етене байланысып жатқан Мұнайдар отбасында қамқор әке, жұмысында көптің бірі, шығармашыл қарапайым ғана адам.

Тарих

Блог
Блогтағы соңғы жазбалары
Қатысу уақыты
2 years 7 months