M.Zhumageldikyzy'ның сүреті
Марал Жұмагелді

Шалқар радиосының редактор-жүргізушісі

Арманым мен күткен аялдамадан тоқтап, журналистика жатырқамай жол төседі. Даралар өткен даңғара жолдың тынымсыз тіршілігі көңіліңді селт еткізеді. Түсінгенім, тамырыңа сия тамбаса, қаламына мамандықты көндіргендері  аз екен. Жылт еткен уақытқа жаңалық жамап үлгергендерге қарап қадамыңды нықтай түсесің. Ал күн артынан күн ескіргенін күткендерді көргенде көңіліңе күдік ұялайды. Сонымен, асқақ арман мені радиоға жетелеп алып келді. Ең кенжесі болып еңсесі биік ортаның көшіне ілестім. Ұлт үніне айналған радиодан өз үніңді есту – нағыз бақыт!  Ал болашақта талғампаз тыңдарманға тыңғылықты ой салуым сана сүзгісі мен жаратқаның жарлығына байланысты. Себебі, мен әлі тамырлы радионың тал бесігіндемін...