N.Ygyl

N.Ygyl'ның сүреті
Нысаналы Ығыл

Нышаны бар Нысаналы атты ұлдарың мен боламын. Есімім өзіме ерекше ұнағанымен жаңадан танысқандарды таң қалдырады. Тіпті кейбірі «ә» дегеннен ұғына да алмай, қате де айтып жатады. Жә, оған ренжімеймін ғой. Айта берсін...

Бастапқы ойға оралайық. Жалпы «атым затыма сай ма»,-деп ойлап қоям. Яғни нысаналы мақсатым бар. Бұл тумысымнан байқалыпты. Үлкендер солай дейді, енді. 1989 жылдың қазанында мен екі маңдай тіспен туыппын. Иә, кәдімгі тістер. Содан ырымшыл қазақпыз ғой, ырымдап, жақсылыққа балап жоғарыда айтқандай «нысананы көздесін»,-деген ниетпен Нысаналы атандым. Бірақ сол тістерім бір аптадан соң түсіп қапты. (Әттең, сақтап қояр ма еді, сенбегендерге дәлелдеп берер ем. Қалжың-қалжың.)

Оқырмандармен бөлісуді жөн көрдім. Ақтарылып жатқаным ғой алдарыңда.

Иә, жазуға әуеспін. Бірақ кітап емес, жаңалықтар сюжетін. Қазіргі қызметім де сол. Жалпы журналистикаға мені талпындырған біріншіден есепке жүйрік еместігім, екіншіден Қасым Аманжолов. Жоқ ақын Қасым емес, журналист Қасым. Оның ұлттық арнадан «Шынның жүзінде» бағдарламасын қарайтынмын. Сұрақ қою, әңгімелесушіге ере білуі, кей кезде жетектей кетуі шын ұнады. Сол кезде мен мектеп жасындамын.  Сосын журналистика факультетін тәмамдап алып, «Қазақстан-Ақтау» арнасында жасадым, содан асықпай биыл «Қазақстан» арнасының меншікті тілшісі атандым ғой. Сол «асықпаған арбамен қоянға жетеді»,-демей ме? Аман болсақ асуды да аламыз! Тек тілеулес болыңыздаршы!!!

Тарих

Блог
Блогтағы соңғы жазбалары
Қатысу уақыты
3 years 2 weeks