Sh.Sisenalieva

Sh.Sisenalieva'ның сүреті
Шолпан Сисеналиева

... мен теледидардан сөйлесем ғой...  Қандай керемет болар еді!?  

Бұл менің бала кездегі арманым!

Мен екі ұлдың ортасында еркелей өстім. Ағам сияқты емес маған көп шектеулер де қойылмайтын. Еркін өстім, ойымды да еркін жеткіздім. Қалағанымды алдым. Әке-анам әперді.

...енді-енді тілім шыққан кезде үйге қонақ келсе көрпе-көпшікті биіктеу қылып жинап соның үстіне отырып алып тақпақ, өлең айтатынмын. Қанша қонақ келсе де әкем шектемейтін. Керісінше қолпаштап отыратын. Ата-анам ағам екеумізге Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев, Оспанхан Әубәкіров, Қадір Мырзаәлінің өлеңдерін жаттататын. Ағам екеуміз жатқа айтып жарысатын болдық. Ол менің тележүргізуші болуыма қанат бітірді.

... 90 жылдары біздің ауылдағы теледидар ОРТ каналынан «Новости» болған кезде ғана қосылады.  Екатерина Андреева сөйлеген кезде үйде бәріміз үндемей отырып тыңдаймыз. Ешкім шуламау керек. Ештеңе түсінбесем де Екатерина Андрееваны қандай бақытты деп ойлайтынмын.  Бала арманым Андреевадай болу еді.

Бірақ, өсе келе  маған теледидардан сөйлеу қайда?- деген ой келді. Мен ауылдың қызымын әрі бойым да кішкентай, орысша білмеймін одан да дәрігер  боламын деп шештім. Алайда, мектепті бітірген соң әкем мені Х.Досмұхмедов атындағы Атырау  Мемлекеттік Университетінің  журналистика мамандығына жетектеп әкелді.  Әкемнің ықпалымен мен өз арманыма жетуге болатынын білдім.   

Бірінші курста  облыстық радиода тәжірибеден өттім. Екінші курстан бастап «Рахат-ТВ» Атырау облыстық филиалында журналист болып еңбек еттім. Кейін,  «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалында редактор болып жұмысқа қабылдандым. Ең алғаш рет микрофон ұстап, материал жасауды сценарий құрып, мәтін жазуды Базаргүл Нәдірқызынан, режиссермен жұмыс жасауды Рәзия Қасымовадан үйрендім. Үлкен мектептен өтіп ысылдым. Қазір «Қазақстан-Атырау» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде жүргізуші – редактормын.  

Арманым орындалды! Қазір мен өз мамандығымды мақтан тұтамын!         

Тарих

Блог
Блогтағы соңғы жазбалары
Қатысу уақыты
3 years 3 months