A.Tlepov

Аватар пользователя A.Tlepov
Азамат Тлепов

Қазақ радиосы, «Әлеумет» редакциясының редакторы:

Менің бұл салаға келуімнің өзі қызық-ақ. Мектепті қатырып оқығаным жоқ. Алайда, кішкентайымнан қоғамдық жұмыстарға, мерекелік шараларға белсене араласатынмын. Аздап өлең шығаратын қабілетім де болды. Арасында туындыларымды аудандық газеттерге беріп тұратынмын. Соның арқасында болар, мектепті жарытып оқымасам да, мұғалімдердің алдында сыйлы болдым. Уақыт өте мамандық таңдайтын сәт келді. Әуелі тілді таңдамақ болғанмын. Бірақ, ҰБТ-дағы балымның аз болғанына байланысты анам екеуміз шығармашылық емтиханы бар мамандықтарды іздеп көрдік. Осылайша, журналистика саласына қадам бастым. 
Көпшілікпен тез тіл табыса алатын мен үшін бұл мамандықта оқу айтарлықтай қиындық туғызған жоқ. ЖОО табалдырығын аттаған кезде ұстазымның: «Бірінші маман емес, адам болуды үйреніңдер!», деген сөзі әлі есімде. Дәл осы ұстаныммен жоғары оқуды да аяқтадық. Сол сәттен бері Қазақ радиосы «Әлеумет» редакциясының редактор-жүргізушісі қызметіндемін. Қара шаңырақта еңбек етіп жүргеніме 3 жылдан аса уақыт өтті. Біраз тәжірибе жинадым. Жетекшіміздің күнделікті бағыт-бағдарының арқасында ақпарат атты майданда еркін семсер сілкіп жүрмін. Осындай үлкен ұжымда өз орнымның барын мақтан тұтамын.

История

Блог
Просмотреть последние записи в блоге
Зарегистрирован на сайте
2 года 8 месяцев